Accessibility links

«Ауыл» партиясынан парламент сайлауына түсетіндердің тізімі анықталды


Бүгін Астанада өткен «Ауыл» партиясының съезінде мәжіліс депутаттығына сайлауға түсетін үміткерлердің тізімі анықталды.

Партия жетекшісі Ғани Қалиев партиялық тізімге 23 адамның енгенін хабарлады. «Тізімге партия мүшелері, ғалымдар, академиктер, мәдениет қайраткерлері және шаруа қожалықтарының басшылары кірді. Олардың арасында өзім де бармын» деді Ғани Қалиев. Партия атынан депутаттыққа үміткерлердің арасында жазушы Дулат Исабеков, әнші Нұрғали Нүсіпжанов және он шақты ғалым бар.

«Ауылдың» айтуынша, бұл партияға 200 мыңнан астам адам мүше.
XS
SM
MD
LG