Accessibility links

Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр


Полиция сайлау науқанына қарсылық танытушы оппозицияшыл белсенділерді қамауға алып жатыр. Мәскеу, 4 желтоқсан 2011 жыл
Полиция сайлау науқанына қарсылық танытушы оппозицияшыл белсенділерді қамауға алып жатыр. Мәскеу, 4 желтоқсан 2011 жыл
Ресейде жаңа парламент сайлауы басталды. Жалпы саны 110 миллионға тарта сайлау құқығы бар ресейлік мемлекеттік думаның төменгі палатасындағы 450 орыннан үміткер елдегі жеті партияға дауыс береді.

Алдын-ала жүргізілген сауалнамалар бойынша биліктегі "Единая Россия" партиясы басым дауыспен жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ, билеуші партия өткен сайлаудан кейін иеленген 315 орыннан аздау мандат алып қалуы ықтимал.

Коммунистік партия, ЛДПР және "Справедливая Россия" партиялары да парламентке өтуден үмітті.

Оппозициялық партиялардың мәлімдеуінше, сайлау әділетсіз түрде өтіп жатыр. Себебі билік "Единая Россия" партиясына қаржылық-ақпараттық қолдау көрсетеді. Оппозиция билік "Единая Россияның" мүддесі үшін сайлау нәтижесін бұрмалауы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG