Accessibility links

ЕҚЫҰ мен Еуропарламент: "Ресейдегі парламент сайлауы әділетсіз өтті"


Ресей орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік думаға өткен сайлаудың алғашқы нәтижелерін жариялаған баспасөз жиынын өткізді. Мәскеу 5 желтоқсан 2011 жыл.
Ресей орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік думаға өткен сайлаудың алғашқы нәтижелерін жариялаған баспасөз жиынын өткізді. Мәскеу 5 желтоқсан 2011 жыл.
ЕҚЫҰ мен Еуропадағы парламенттік ассамблеяның бақылаушылары бүгін Ресейде өткен парламент сайлауы әділетсіз өтті деген мәлімдеме жасады.

Бақылаушылар билеуші "Единая Россия" партиясына бұра тартушылық көп болды, заң бұзушылықтар орын алды дейді. Олар сондай-ақ сайлауда "саяси бәсекенің аз", ал дауыстарды санауда бұрмалаушылықтардың көп болғанын айтты.

Орталық сайлау комиссиясы бұған саналған 96 пайыз дауыстан билеуші "Единая Россия" партиясы 49.5 пайызға ие болғанын хабарлаған болатын. Бұл парламенттегі 450 орынның 238-ін иеленуге толықтай мүмкіншілік береді. Бірақ партияның бұл көрсеткіші бұрынғы сайлаудан 15 пайызға кем.
XS
SM
MD
LG