Ирак ақпарат құралдары шииттердің діни мейрамы басталар кезде болған жарылыстардан 25 адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын хабарлады.
Зиярат етушілер Хилла қаласының маңындағы әл-Нил аймағына келе жатқанда бомба жасырылған көлік жарылып, 16 адам қаза тапқан. Сондай-ақ Хилла қаласының орталығында, Латифия мен Махавель қалаларында және Бағдадта діни мерекелерге қатысушыларды нысанаға алған жарылыстарда 9 адам қаза тапты.
Бұл жарылыстар Ирактағы шиит мұсылмандардың діни мерекесі - Мұхаммед пайғамбардың немересі Хусейннің қайтыс болған күнін атап өтуіне бір тәулік қалғанда болды.