Accessibility links

Қытайда мол газ қоры табылды


Қытай ұлттық мұнай корпорациясының белгісі. Көрнекі сурет.
Қытай ұлттық мұнай корпорациясының белгісі. Көрнекі сурет.
Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) бүгін Сычуан провинциясынан табиғи газдың мол қорын тапқанын хабарлады. Қытай корпорациясы бұдан өзге ешқандай ақпарат бермеді.

Бірақ сарапшылар Қытайда мол газ қоры бар дегенге күмәнмен қарайды. Егер газ қорының табылғаны нақтыланса, онда ол Қытайдың энергия көздеріне деген мұқтаждығын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Мұнай-газ қорларына бай Ресей мен Орталық Азия елдері Қытайдың энергетикалық мұқтаждығын өтеуге біраздан ынталы болып келеді.
XS
SM
MD
LG