Accessibility links

"Нұр Отандық" Проскуряков қазасының себебі хабарланды


"Нұр Отан" партиясының Астана қаласындағы бас кеңсесі.
"Нұр Отан" партиясының Астана қаласындағы бас кеңсесі.
«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Валерий Проскуряков қателікпен кісі қолынан қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов.

Рашид Жақыпов оны атқан адаммен қоса алғанда бес адамның тұтқындалғанын және тергеу барысында олардың Валерий Проскуряковты емес, басқа адамды өлтірмек болғаны анықталғанын айтты. Жақыпов олардың өлтірмек болған адамы өздеріне белгілі екенін білдірді, бірақ аты-жөнін айтпады.

Валерий Проскуряковті 13 қазан күні өз үйінен шығып, көлігіне отырған кезде белгісіз адам оны басынан атып өлтіріп кеткен болатын. Проскуряков «Нұр Отан» партиясының мүшесі болғандықтан оның өлімінің "саяси астары бар болуы мүмкін" деген сыбыстар тараған.
XS
SM
MD
LG