Accessibility links

1 желтоқсан «Қазақстанның тұңғыш президентінің күні» деп жарияланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 18 қараша 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 18 қараша 2011 жыл.
Бүгін Қазақстан парламентінің сенаты «Мекемелер туралы» заңға «1 желтоқсанды Қазақстанның тұңғыш президентінің күні етіп бекіту» жөнінде түзетулер енгізді.

«Мемлекеттің негізін салушы тұңғыш президенттің орасан зор үлесін ескере отырып, депутаттардың бір тобы сенат мәжілісіне Конституцияның 1-бабына және «Қазақстан парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңының 15-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы заңға» орай 1 желтоқсанды мемлекеттік мейрам деп жариялауды ұсынамыз» деді депутат Анатолий Башмаков сенбі күні сенаттың жалпы отырысында.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш өткізілген президент сайлауында сол кездегі Қазақ ССР-інің президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы бес жыл мерзімге президент болып сайланған еді. Ол - содан бері Қазақстан республикасының президенті.
XS
SM
MD
LG