Санкт-Петербург полициясының мәліметіне қарағанда, желтоқсанның 10-ы күні парламент сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан шеруге 7 мыңдай адам қатысқан.
«Интерфакс» агенттігіне Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі де бұл деректерді растап, митинг барысында қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері тіркелмегенін айтқан.