Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 12 желтоқсан- нейтралитет күніне орай түрмелерде отырған 754 адамды рақымшылықпен босату туралы жарлыққа қол қойды. Түркімен баспасөзі президент Бердімұхамедов рақымшылық заңына адамгершілік, мейірімділік, әділдік принциптерін басшылыққа ала отырып қол қойды деп хабарлады.
БҰҰ 1995 жылы 12 желтоқсанда Түркіменстанды бейтарап мемлекет деп таныған болатын. Түркімен билігі мұны ешқандай халықаралық ұйымдарға қатыспау үшін пайдаланады.
Халықаралық адам құқтары ұйымдары Түркіменстанды елде адам құқтары сақталмайды, демократиялық реформалар жасалмайды деп әрдайым сынап келеді.