Accessibility links

Канада пәренжеге тыйым салмақ


Канада үкіметі әйелдерге азаматтық алу рәсіміне бетін бүркеп келуге тыйым салатынын мәлімдеді.

Иммиграция министрі Джейсон Кенни азаматтық судьялар мен депутаттардан уақытша Канада азаматы атанатын кезде әйелдердің бетін бүркеп алатынына қатысты шағымдар түскенін айтады.

Канада конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік беретіндіктен Джейсон Кеннидің мәлімдемесі қарсылыққа ұшырауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG