Accessibility links

АҚШ Ирактан соңғы әскерін шығарды


Бүгін АҚШ Ирактан қарулы күштерінің соңғы бөлімдерін шығарды. Оның белгісі ретінде Ирактың әскери базаларындағы АҚШ туы төмен түсірілді.

Ирактан қайтқан соңғы жауынгерлерді қарсы алған президент Барак Обама АҚШ-тың Иракты "егеменді, тұрақты және өз-өзіне сенімді мемлекет еткенін» айтты.

Иракта соғыс жүргізген тоғыз жылдың ішінде АҚШ-тың 4.5 мыңнан астам жауынгері, 100 мыңнан астам ирактықтар қаза тапты. Ирактағы соғысқа Вашингтон 1 триллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.

Барак Обама 2008 жылы президент сайлауына түсерде Ирактағы соғысты аяқтап, Ирактан АҚШ әскерін шығаруға уәде берген.
XS
SM
MD
LG