Бүгін түнде Дағыстанда белгілі журналист оққа ұшты.
"Черновик" газетінің редакторы әрі иесі Хаджимурад Камалов Ресейдің тынышсыз Кавказ аймағында кісі қолынан өлген жетекші қоғамдық белсенділердің біріне айналып отыр. Оны Махачкала қаласындағы басылым кеңсесінің жанында қарулы адам атып кеткен.
Камаловтың газеті Шешенстанда басталып, Кавказға тараған исламшыл бүлікшілермен күрес туралы көп жазған болатын.
Билік орындары Дағыстанда жиі болып тұратын шабуылдарға байланысты Кавказда ислам мемлекетін құруды көздейтін содырларды кінәлайды.