Accessibility links

Жаңаөзен мұнайшылары алаңға ақ ту, плакат көтеріп шықты


«Бүгін таңертең Жаңаөзенде мұнайшылар ақ ту мен плакат көтеріп, алаңға қайта шықты. Плакаттарда «Бейбітшілік – Мир» деп жазылған. Алаңға шыққандарды күштік құрылымдар қоршауға алып, мұнайшыларға Жаңаөзен қаласының прокуроры келіп, келіссөзге бірнеше адамды шақырды» деп хабарлады Stan.tv бейнепорталының Ақтаудағы тілшісі Өркен Жоямерген телефон арқылы.

«Прокурор мұнайшыларға «егер ешнәрсе бүлінбейтін болса, ұрлық жасалмаса, ғимараттар бүлінбесе, біз сіздерге тиіспейміз» деді. Мұнайшылар да қан төгілгенін қаламайтындарын, келісімге келуге тырысатындарын айтты» деп хабарлады Жаңаөзенде жүрген журналист.

Жаңаөзенде кеше әкімшілік пен қонақ үй, «Өзенмұнайгаз» ғимараттары өртенген еді.

«Бүгін таңертең екі кафе мен бір дүкен тоналып, өртеніп кетіпті. Жаңаөзеннің ауруханаларына жараланғандар сыймаған соң көп адамды облыстық ауруханаға әкетіп жатыр» деді Өркен Жоямерген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG