Accessibility links

Билік Ақтауда тәртіпсіздіктің алды алынды деп хабарлайды


Бас прокуратура Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін Ақтауда да "тұтанып кетуі мүмкін тәртіпсіздік жайттарына жол берілмегенін" мәлімдеді.

«Кеше Ақтауда адамдар жиналып, белгілі бір дәрежеде алаңдаушылықтар болды. Бірақ қала прокуроры мен Ішкі істер депратаментінің жетекшілігі олармен әңгімелескен соң жиналғандар тарап кетті»,- деп атап өтті сенбі күні Асатанадғы баспасөз-мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Бас прокуратураның ресми өкілі: "Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты бірқатар жерлерде "Жаңаөзенге қолдау таныту керек, ынтымақтастық білдірейік" деген ұрандар айтылып жатыр, өкінішке қарай бұл түсініспестіктен, болған жайттарға қатысты толық ақпарат-деректі білмегендіктен туындап жатыр",- деп атап көрсетті.

Жаңаөзенде 16 желтоқсан күнгі қақтығыста 11 адам құрбан болып, 86 кісі зардап шеккен.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG