Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде өткен түні құқық бұзу болған жоқ


"Желтоқсанның 18-інен 19-ына қараған түні Жаңаөзенде құқық бұзу деректері тіркелген жоқ, коменданттық сағатты бұзу фактілері анықталған жоқ" деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы.

Бұл мәліметке қарағанда, үкіметтік комиссия мен жедел-тергеу тобының Жаңаөзен қаласында болған тәртіпсіздіктерді тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні күні полиция мен наразылық танытқандар арасында қақтығыс болып, соның салдарынан, ресми мәлімет бойынша 14 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
XS
SM
MD
LG