Accessibility links

Жаңаөзенде көлік тоқтап, көше иен қалды


"Өзенмұнайгаз" компаниясының өртенген ғимараты. Жаңаөзен, 17 желтоқсан 2011 жыл.
"Өзенмұнайгаз" компаниясының өртенген ғимараты. Жаңаөзен, 17 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі орталық алаңда және қала көшелерінде ешкім көрінбейді деп хабарлады Азаттық радиосының тілшісі.

Тілшіміздің айтуынша, Маңғыстау облысындағы бұл қалада полиция қызметкерлері көшеде өтіп бара жатқан бірен-саран адамдарды, әсіресе ер азаматтарды тексеріп жатыр. Жаңаөзен тұрғындарының айтуынша, қаладағы дүкендерде азық-түлік жоқ, көлік қызметі тоқтап қалған.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG