Accessibility links

Хельсинки комитеті Маңғыстаудағы оқиғаны тәуелсіз тергеуге шақырды


Жаңаөзендегі арнайы жасақ. 18 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі арнайы жасақ. 18 желтоқсан 2011 жыл.
Норвегиялық Хельсинки комитеті Маңғыстау облысындағы оқиғалардың тәуелсіз түрде тергелуін талап етті.

«Қақтығыстар мен адам өліміне қатысты жайттардың тәуелсіз және ашық түрде тергелуі өте маңызды. Бұл дау-жанжалды бейбіт түрде шешу әрекеттері басталуы тиіс және мұндай талпыныстар жиын еркіндігі мен сөз бостандығы сияқты негізгі адам құқықтары принциптеріне сай болуы керек» деді комитет бас хатшысы Бьорн Энгесланд бүгін жариялаған мәлімдемесінде.

Хельсинки комитеті Қазақстан билігін елдің батыс аймағындағы толқуларды зерттейтін мемлекеттік комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз мамандарды енгізуге, ереуілші мұнайшыларды қолдаған заңгерлерді түрмеден босатуға шақырды.

Бьорн Энгесланд "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болған Қазақстаннан дағдарыс кезінде халықаралық нормаларға сәйкес жоғары стандарттарды күтеміз" дейді.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.

Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG