Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы жайлы жаңа видеолар


Жаңаөзен, 16 желтоқсан. Өрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:40 0:00

16 желтоқсан күнгі Жаңаөзен. YouTube-тегі evil75ful деген тұтынушы жүктеген видео.

Жаңаөзенде ұялы байланыс пен интернет қосылған соң YouTube сайтында қарапайым куәгерлер түсірген, желтоқсанның 16-сында болған оқиға туралы видеожазбалар көбейіп жатыр. Мына бейнекөріністерде шерушілер мен полицияның қақтығысы, өртенген көліктер бейнеленген.


Бейнежазбаларға қарағанда, бәрі 2011 жылы желтоқсанның 16-сында, Жаңаөзендегі орталық алаңда қақтығыс болған күні түсірілген.

Төмендегі бірінші видеожазбада шерушілер мен полицияның текетіресі жазылған. Бұл көріністе ешкімнің қару асынғаны байқалмайды.

Жаңаөзен, 16 желтоқсан. Ереуілшілер мен полицейлер
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

Ал ең алғашқы және соңғы көріністерді кездейсоқ адамдар түсірген тәрізді. Мұнда орталық алаң маңында өртеніп жатқан көліктер көрінеді. Алыстан оқ дауысы естіледі. Көшеде кетіп бара жатқан адамдар полицияның келе жатқанын айтып, басқаларға "қашыңдар" деп айғайлайды.


Жаңаөзен, 16 желтоқсан. Атыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:21 0:00

Ресми дерек бойынша, Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адам қаза болып, жүздеген адам жараланған. Бірақ қала тұрғындары бұл деректің растығына күмән келтіреді. Олардың пікірінше, жапа шеккендер мен қайтыс болғандар бұдан әлдеқайда көп.

Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG