Accessibility links

Жанат Есентаевтың Ақтаудағы әні


Қазақ барды Жанат Есентаев маңғыстаулық ереуілші мұнайшыларға шығарған әнін орындап тұр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 ж.
Қазақ барды Жанат Есентаев маңғыстаулық ереуілші мұнайшыларға шығарған әнін орындап тұр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 ж.

Қазақ барды Жанат Есентаев маңғыстаулық мұнайшыларға өзі шығарған әнмен қолдау білдірді.

Желтоқсанның 16-сы мен 17-сі күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында қарусыз адамдардың билік күштерінің атқан оғынан қаза болуына байланысты наразылық білдіріп, Ақтаудағы алаңға жиналған халықтың қайғысын бөлісуге келгендердің арасында оралдық қазақ бард-әнші Жанат Есентаев та болды.

Бұған дейін Алматы мен Қазақстанның өзге де қалаларында оппозицияның көпшілік шараларында гитарамен ән шырқап жүрген Жанат Есентаевтың бұл жолы маңғыстаулық ереуілші мұнайшыларға өзі шығарған әнмен қолдау білдірді.

Қазақ барды Жанат Есентаевтың желтоқсанның 23-і күні Ақтауда алаң маңына жиналған жұрт алдына орындаған әнін мына жерден тыңдаңыз:

please wait

No media source currently available

0:00 0:03:58 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG