Қызылорда қаласында белгісіз адам пәтерде өзін-өзі жарып жіберді деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Қалдыбек Абдуллаевқа сілтеген "Қазақпарат" агенттігі.
"Әзірге ешнәрсе айта алмаймын. Өзін-өзі жарғаны рас. Алдын-ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, әзірге оның өзі ғана зардап шеккен. Қалған мәліметтер тексеріліп жатыр" дейді ішкі істер басқармасының өкілі.
Оқиғаға куә болғандар бүгін түстен кейін ер адам Амангелді көшесінің бойындағы көпқабатты үйді жарып жіберетінін айтып қорқытты, бірақ өзін жарып жіберді деді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, оқиға болған аумақ қоршауға алынған.