Accessibility links

Автотексеру жекеменшік ұйымдарға өтті


Астаналық жол полициясының басқа қалада тіркелген көлікті тоқтатып тұр. Астана, 9 қараша 2010 жыл
Астаналық жол полициясының басқа қалада тіркелген көлікті тоқтатып тұр. Астана, 9 қараша 2010 жыл
2012 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстандағы көліктерді техникалық тексеруден өткізу ісі бәсекелес жекеменшік компанияларға біржола өтті деп хабарлайды "Новости-Казахстан" ақпарат агенттігі.

Көлік және байланыс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның барлық аймақтарында көліктерді техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеру ішкі істер министрлігі емес, жекменшік орталықтар арқылы жүзеге аса бастайды. Жүргізушілер көлігін тіркеуде тұрған жерінде ғана емес, кез-келген басқа аймақта техникалық тексеруден өткізе алмақ.

Мұндай техникалық тексеру жасайтын жекменшік орталықтар көлік және байланыс министрлігінің реестрінде тіркелуі тиіс.Ал ішкі істер министрлігі мен МАИ-да тек көлік жүргізушісінің техникалық тексеруі бар-жоғын ғана бақылайтын функция қалды.
XS
SM
MD
LG