Иранның мәдениет министрі Мохаммед Хосейни тәуелсіз Иран Кино үйінің жабылатынын хабарлады. Мәдениет министрлігі 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кино өнімдерін ұсынатын мекеменің енді ары қарай қызмет етуге заңдық негізі жоқ деп тапқан.
Ирандағы кино саласының мамандары бұл шешімнің саяси астары бар деп санайды. Тәуелсіз Иран Кино үйін елдегі кейбір режимшіл адамдар либералдық қағидаларды ұстанады деп талай рет сынаған болатын.
Кино үйі мекемені жабу шешімінің саяси астары бар деп санап, мемлекет ұйымдастыратын жыл сайынғы кино фестиваліне байкот жариялайтынын мәлімдеді.