Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үкіметте бірқатар министрліктің басшыларын ауыстырды.
Рахмон ішкі істер министрін, әділет министрін және қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды. Ол ішкі істер министрі етіп Рамазон Рахимовты тағайындап, ал осы министрлікті басқарған Абдурахим Кахаровты қауіпсіздік кеңесінің хатшысына тағайындады.
Ал әділет министрі қызметін атқарған Бахтиор Худояров президент әкімшілігінің басшысы болып, оның орнына Рустам Менглиев әділет министрі болып тағайындалды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып Матлубхон Давлатов тағайындалды. Бұған қоса бірнеше аймақтың басшылары мен қала әкімдері ауысты.