Accessibility links

"Жовтиске рақымшылық жасауды сот шешеді"


Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен «Время» газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіковке рақымшылық жасау мәселесін сот шешеді деп хабарлады бүгін ҚазТАГ агенттігі ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

"Қазір сотталғандар жазаларын өтеп жүрген мекеменің басшылығы рақымшылыққа ілінгендердің ісін сотқа жөнелту үшін реттеп жатыр. Түпкілікті шешімді сот айтады» дейді қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

Комитеттің мәліметі бойынша, рақымшылық шаралары ол туралы заң баспасөзде жарияланғанына он күн өткенде басталады. Рақымшылыққа ілінгендер шамамен қаңтардың ортасында бостандыққа шыға бастайды және ол процесс бірнеше айға созылуы мүмкін.

2009 жылы құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков көлікпен бір адамды қағып кетіп, мерт еткен. Сот құқық қорғаушыны да, журналисті де төрт жылға соттады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рақымшылық туралы» заңға қол қойған еді. Ресми мәлімет бойынша, рақымшылыққа 16 мың 187 адам ілінбек.
XS
SM
MD
LG