Accessibility links

Иран тыңшылық жасады деп тегі ирандық АҚШ азаматын өлім жазасына кесті


Тегі ирандық Амир Мирза Хекмати АҚШ азаматы.
Тегі ирандық Амир Мирза Хекмати АҚШ азаматы.
Иранның сот жүйесі ирантекті америкалықты АҚШ-қа тыңшылық жасады деген айыппен өлім жазасына кескенін хабарлады.

ИСНА ақпарат агенттігіне прокуратура өкілі Ғұлам Хусейн Мухсени мәлімдегендей, АҚШ азаматы Амир Мирза Хекмати Америка үкіметімен байланыс құрып, Орталық барлау агенттігіне тыңшы болып, Иранда терроризмді күшейтуге тырысқаны үшін өлім жазасын алған.

Хекматидің апелляциялық шағым беруге 20 күн уақыты бар. 28 жастағы Амир Мирза Хекмати - АҚШ-та туған иран иммигрантының баласы. Хабарларға қарағанда, ол АҚШ теңіз күштеріне аудармашы болып қызмет еткен. Ол отбасымен Ирандағы әжелеріне қыдырып барғанда, қамауға алынғанын Иран билігі желтоқсан айында хабарлаған болатын. АҚШ Ираннан оны босатуын талап етті.
XS
SM
MD
LG