Украинаның сотталған бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың күйеуі Александр Тимошенко Чехиядан саяси баспана сұрауға Украинадағы авторитарлық биліктен қысым көргені себеп болғанын мәлімдеді.
Азаттық радиосына сұхбат берген Александр Тимошенконың айтуынша, Украина билігі оның әйелін «тірі өлік» етуге тырысып жатыр. Ол Украина президенті Виктор Януковичтің Юлия Тимошенконы қажет етпейтінін айтып, Еуропа елдерін Януковичтің билігі мен отбасына, оның ішінде ұлдарына да қарсы санкциялар салуға шақырды.
Александр Тимошенко Украинаның прокуратурасы, қауіпсіздік органдары мен сотта басшылық қызметтер атқаратын Януковичтің ұлдары әйеліне қарсы қылмыстық істі қолдан жасады деп санайды.
Украинадағы оппозициялық «Батькившина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко өткен жылдың қазан айында «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. Оппозиция мен жақтастары оны қудалаудың саяси астары бар деп санаса, Батыс елдері Украина билігінен Тимошенконы босатуды талап етіп келеді.