Accessibility links

Иран: "Google - тыңшылық құралы"


Иран полициясының басшысы Исмаил Ахмади Мукаддам.
Иран полициясының басшысы Исмаил Ахмади Мукаддам.
Иранның полиция күштерінің басшысы Исмаил Ахмади Мукаддам "Google - іздеу порталы емес, тыңшылық құралы" деді.

Исмаил Ахмади Мукаддам Labor агенттігіне Иранның дүниежүзілік интернет желісінен бөлектеу жұмыс істейтін ішкі компьютер желісін құрып жатқанын айтты. Ахмади Мукаддам "мемлекеттің өзінің жеке интернет жүйесінің болуы елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен адамдардың қауіпсіздігін қорғауда өте маңызды" дейді.

Бірақ ол Иранның өзін сыртқы әлемнен оқшаулау ниеті жоқ екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG