Accessibility links

"Қазақмыс" ереуіл туралы ақпаратты жоққа шығарды


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
Бүгін "Қазақмыс" корпорациясы Жезқазғандағы кәсіпорнының жұмысшылары жалақы мәселесіне қатысты ереуіл өткізбек деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы корпорацияның баспасөз мәлімдемесіне сілтеген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеде компанияның қызметкерлерге 2011 жылға арналған өндірістік қызмет бойынша сыйақының желтоқсан айындағы жалақымен бірге берілгені айтылады. "Ал қаңтар айының жалақысы қазіргі процедураға сай бұған дейінгі өндірістік циклдың нәтижелері бойынша есептеледі және оның төленетін сыйақыға еш қатысы болмайды" делінген.

Корпорация сонымен бірге "барлық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, ал жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі барын" да ескерткен.

Бұған дейін Жезқазған қалалық әкімдігі хабарлағандай, "Қазақмыс" корпорациясының "ADAN DZO Logistic" автөкөлік кәсіпорнының жұмысшылары қаңтардың 10-ы күні бір сағаттық ереуілге шыққан. Кейін басқа кәсіпорындардың жұмысшылары да ереуіл өткізбек ойлары бар екенін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG