Accessibility links

Жапония Ираннан мұнай импортын азайтпақ


Жапония мен АҚШ-тың қаржы министрлері Июн Азуми (оң жақта) мен Тимоти Гейтнер (сол жақта). Токио, 12 қаңтар 2012 жыл.
Жапония мен АҚШ-тың қаржы министрлері Июн Азуми (оң жақта) мен Тимоти Гейтнер (сол жақта). Токио, 12 қаңтар 2012 жыл.
Жапония АҚШ-тың Иранға қатысты санкциясын қолдау үшін Ираннан импорттайтын мұнай көлемін азайтады деп хабарлады Жапония қаржы министрі Июн Азуми Токиода АҚШ қаржы министрі Тимоти Гейтнермен кездескеннен соң.

Июн Азуми "Әлем елдері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты проблемасына селқос қарай алмайды" деген. Жапония тұтынатын мұнайының 10 пайызын Ираннан импорттайды. Оның айтуынша, Жапония осы импорт көлемін барынша азайтуға тырыспақ.

Тимоти Гейтнер "АҚШ бірқатар елдермен Иранға қысымды күшейту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр" дейді.
XS
SM
MD
LG