Accessibility links

Қозғалыс сайлауда дауыс бермеуге шақырды


Бүгін Алматыда Республика алаңында "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысы жиын өткізіп, мәжіліс сайлауында ешқандай партияға дауыс бермеуге шақырды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қозғалыс өкілдері қазіргі саяси партиялардың ешқайсысы да қарапайым адамдардың дауысын беруге татымайтындығын айтты.

Ондаған адам жиналған жиында олар қозғалыс тарапынан өзін-өзі ұсынған қос кандидаттың билік тарапынан сайлаудан шеттетілгенін айыптады.

Жаңаөзендегі жағдайға тоқталған қозғалыс белсендісі Лариса Бояр Маңғыстауда мұнайшылардың қамауға алынып жатқанын айтты. Бірақ ол нақты дәлелдер келтірмеді. Қозғалыс өкілдері Жаңаөзенде қаза тапқандардың құрметіне Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Жиында дауыс берудің билік қолындағы құралға айналып кететіндігі айтылды.
XS
SM
MD
LG