Италияның батыс жағалауында қайраңға батқан Costa Concordia саяхат кемесінде Қазақстанның үш азаматы болған деп хабарлады "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметі.
«Апатқа ұшыраған лайнердің бортында үш отандасымыз болған. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Біздің консул оқиға орнына барып, тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Азаматтарымыз ертең Қазақстанға қайтады»-, деп жазылған СІМ-нің агенттікке берген жауабында.
Сенбі күні Италияның батыс жағалауында қайраңға отырған Costa Concordia саяхат кемесі суға батып барады, ең соңғы деректерге қарағанда, апат салдарынан үш адам қаза болған, жоғалғандар да бар.
Барлығы кемеде 4 мыңнан астам жолаушы болған.