Accessibility links

Қытайда тағы бір белсенді 10 жылға сотталды


Қытай соты демократ белсенді Ли Тайды "коммунистік билікті құлатпақ болды" деген айыппен 10 жылға соттады. Гонконгтағы Қытай адам құқықтарын қорғау ұйымының хабарлауынша, белсендіні Ухань провинциясының соты "жазған мақалалары арандатушылық сипатта" деп танып, 10 жылға соттаған.

Қытай адам құқықтарын қорғау ұйымы Ли Тайдың сотта өзінің кінәлі емес екенін, себебі Қытай конституциясында азаматтардың өз еркін білдіру құқық жазылғанын айтады.

Қытай үкіметі соңғы бір айда осымен үшінші диссидентті ұзақ мерзімге соттап отыр. Желтоқсан айында тағы екі белсенді интернетте жариялаған мақалалары үшін тоғыз және он жылға соттаған. Сот оларға "мақалалары коммунистік билікке қауіп төндіреді" деген айып таққан.
XS
SM
MD
LG