Accessibility links

Сирияға қатысты "Жол картасы" дайындалды


"Еркін Сирия" армиясының сарбаздары Марат әл-Нумандағы үкіметке қарсы шеруде. Сирия, 15 қаңтар 2012 жыл.
"Еркін Сирия" армиясының сарбаздары Марат әл-Нумандағы үкіметке қарсы шеруде. Сирия, 15 қаңтар 2012 жыл.
Араб лигасы Сирияға қатысты жаңа "Жол картасы" жоспарын мақұлдады. Жаңа жоспарға сай, Сирия президенті Башар әл-Асад билікті өзінің орынбасарына беруі керек. Оған дейін президент ел билігін біріккен үкіметке тапсырады. Бұл үкімет мерзімінен бұрын өтетін парламент және президент сайлауы өткенше Сирияны басқара тұрады.

Лиганың хабарлауынша, бұл жоспар енді БҰҰ-ның мақұлдауына беріледі. "Жол картасы" кеше Араб лигасы елдері сыртқы істер министрлерінің Каирдегі кездесуінде бекітілді.

Сирияда он айдан бері үкіметке қарсы наразылықтар өтіп келеді. БҰҰ дерегі бойынша, осы уақыт ішінде үкімет күштері мен шерушілер, қарулы топтар арасындағы қақтығыстан 5400-ден астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG