Accessibility links

Хорватия Еуропа Одағына кіретін болды


Хорватия президенті Иво Йосипович референдумда дауыс беріп тұр. Хорватия, Загреб, 22 қаңтар 2012 жыл.
Хорватия президенті Иво Йосипович референдумда дауыс беріп тұр. Хорватия, Загреб, 22 қаңтар 2012 жыл.
Хорватияда кеше өткен референдумның қорытындысы бойынша бұл ел Еуро Одағына кіретін болды.

Ресми хабарларға қарағанда, референдумға қатысқандардың 66 пайызы елдің Eуроодақ құрамына қосылуын қолдап дауыс берген. Референдумға сайлаушылардың 47 пайызы ғана қатысқан.

Хорватияның премьер-министрі Зоран Миланович референдумды "елдегі маңызды тарихи оқиға" деп атады. Еуропа Одағы (ЕО) Хорватияны ұйым құрамына кіруімен құттықтап, бұл қадамның бүкіл Балқан түбегі елдері үшін маңызды екенін айтты.

ЕО-ға кіруді жақтаушылар бұл қадам халықтың 17 пайызы жұмыссыз қалған Хорватияның экономикасын көтереді деп санайды. Ал одаққа қосылуға қарсылар "бірқатар мүше елдері қаржы дағдарысына ұшырап жатқан ұйымнан Хорватияға келер пайда жоқ" дейді.

Хорватия ұйым құрамына жиырма сегізінші мемлекет болып кірмек.
XS
SM
MD
LG