Accessibility links

Ресейде оппозиция өкілі сайлаудан шеттетілуі мүмкін


Ресейдің оппозициялық "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский.
Ресейдің оппозициялық "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский.
Ресейдің оппозициялық "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинскийді орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер ретінде тіркемеуі мүмкін.

Орталық сайлау комиссиясының бүгін таратқан хабарына қарағанда, бұған Явлинскийдің кандидатурасын қолдап қол қойғандардың 10 пайызының құжаттарында қарама-қайшылықтардың шыққаны себеп болған. Ресей заңы бойынша, президенттікке үміткер болып тіркелгісі келгендер өзін қолдайтын екі миллион адамның қолын жинауы керек.

Явлинский наурыздың 4-інде өтетін сайлауға Владимир Путинге қарсылас болғысы келген.
XS
SM
MD
LG