Accessibility links

Еуроодақ Беларуське қарсы санкцияны күшейтті


Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Беларуське қарсы санкцияларды одан ары күшейтуге келісті.

Брюссельде жасалған келісім бойынша Беларусьте адам құқықтарының бұзылуына жауапты тұлғалардың есеп-шоттары жабылып, оларға Еуроодақ елдеріне виза беруге тыйым салынады. Санкция салынған адамдардың тізіміне оппозицияға қарсы қудалау жүргізіп отырғандар мен президент Александр Лукашенко режимінен қаржылай көмек алатындар, кейбір қоғамдық белсенділер де кіреді.

Еуроодақ 2010 жылғы президент сайлауынан кейін оппозиция мен азаматтық қоғам белсенділерін қудалауға қатысы бар 200 адам мен үш компанияға қарсы санкциялар жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG