Accessibility links

Freedom House: Оппозицияны қудалау тоқтасын


Freedom House ұйымының белгісі.
Freedom House ұйымының белгісі.
Freedom House ("Фридом Хаус") ұйымы оппозиция белсенділері мен тәуелсіз басылым басшысының тұтқындалуын айыптап, оларды дереу босатуға шақырды.

Ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде ұйымның Еуразия бағдарламалары жөніндегі директоры Сюзан Корк: "Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы ретінде халықаралық қауымдастыққа демократия мен адам құқықтарының жағдайын жақсартуға берген уәдесін орындауы керек. Биліктің оппозиция белсенділері мен тәуелсіз журналистерді қудалауы адамның негізгі бостандықтарын шектейді" дейді.

Ұйым Қазақстан Конституция еркіндік беретініне қарамастан бейбіт жиындар өткізуге шектеу қойып отырғанын және оппозиция белсенділерінің жиындарға қатысқаны үшін тұтқындалып, абақтыға қамалып жатқанын да келтіреді. Ақпарат құралдарына билік тарапынан қысым жасалып отырғаны да айтылады.

Қаңтардың 23-інде ҰҚК тіркелмеген "Алға" партиясының кеңсесі мен партия белсенділерінің үйлерінде тінту жүргізіп, партия жетекшісі Владимир Козловқа "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тақты. Осындай айыппен саяси белсенді Серік Сапарғалиев та тұтқындалды.

Сол күні оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский де ұсталып, оған қарсы "мемлекеттік құрылысты күшпен құлатпақ болды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Жоғарыда аты аталған азаматтар қазір ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр.

ҰҚК тексеру шараларының Жаңаөзен қаласы прокурорының Айжангүл Әмірованың қылмыстық ісі аясында шығарған санкциясы бойынша жүргізіліп жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG