Беларусьте Андрей Санниковтың әйелі Ирина Халип "түрмедегі күйеуін президент Александр Лукашенкодан кешірім сұратып, босатуды өтініп хат жазуға мәжбүрлегенін" хабарлады. Санников 2010 жылғы президент сайлауына Лукашенконың қарсыласы ретінде қатысып, дауыс беру қортындысымен келіспей шеру ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын.
2011 жылдың қарашасында жазылған өтінішке Лукашенконың жауап берген-бермегені белгісіз. Таяуда түрмедегі күйеуіне барып келген Ирина Халип оның "сталиндік лагерь тұтқындарындай арықтап кеткенін", "өзін кез-келген уақытта өлтіре салатындай" жағдайға жеткенін хабарлайды.