Accessibility links

Митингіде Жаңаөзенге қатысты қарар қабылданды


Оппозициялық ЖСДП партиясының Алматыдағы митингісі. 28 қаңтар, 2012 жыл.
Оппозициялық ЖСДП партиясының Алматыдағы митингісі. 28 қаңтар, 2012 жыл.
Бүгін Алматыда ЖСДП белсенділері Абай ескерткішіне жақын, «Қазақстан» қонақ үйі мен Республика сарайының арасындағы алаңқайда митингі өткізді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Оппозиция жиынына мыңға жуық адам қатысқан. Бұдан бұрын биліктің митинг өткізуге рұқсат бермейтіндігі хабарланған еді.

Жиналғандар қаңтардың 15-інде өткен мәжіліс сайлауының қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзенде полиция күштерінің бейбіт халыққа оқ атқанын айыптады.

Митинг соңында "Жаңаөзенде оқ атуға бұйрық бергендер мен оқ атқандардың аттары аталып, жауапқа тартылсын" деген басты талап қойылған қарар қабылданды. Сөз алғандардың кейбірі бұл талапқа "Жаңаөзенде оқ атылуына байланысты президент Назарбаев жауап берсін" дегенді қосты.

Қарарда «таяуда қамалған журналистер мен азаматтық белсенділер босатылсын, парламент сайлауының нәтижесі жарамсыз деп табылсын, Үкімет орнынан кетсін, билік толық реформа жүргізсін, Батыс елдері белсенділер мен оппозиция өкілдеріне репрессия жүргізіп жатқан Қазақстан шенеуніктерін елдеріне жібермесін» деген талаптар да жазылған.

Митинг соңында Жаңаөзен құрбандарына құран бағышталды.

Оппозиция жиынын полиция күштері сырттай бақылап тұрды.
XS
SM
MD
LG