Accessibility links

Митинг өткізген ЖСДП жетекшілері қамалды


Солдан оңға қарай: саясаткерлер Жармахан Тұяқбай, Мұхтар Тайжан және Болат Әбілев оппозиция митингісінде. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.
Солдан оңға қарай: саясаткерлер Жармахан Тұяқбай, Мұхтар Тайжан және Болат Әбілев оппозиция митингісінде. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.
Алматының ауданаралық әкімшілік соты ЖСДП-ның тең төрағалары Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілевті, партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов пен белсенді Әмірбек Тоғысовты сенбі күні рұқсат етілмеген митинг өткізгендері үшін әкімшілік жауапқа тартты.

Сот оппозициялық белсенділердің әрқайсысын «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзғаны үшін" айыпты деп тауып, Әбілев пен Қосанов, Тоғысов үшеуін 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (30 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салған

Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны және пікірін отырып айтқаны үшін "сотқа кұрмет көрсетпеді" деп айтыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік қосылып, ол 18 тәулікке қамалды.

Ұсталғандардың бірі Балташ Тұрсымбаевты түсініктеме жазған соң босатқан.
XS
SM
MD
LG