Accessibility links

Қытайда тағы бір диссидент сотқа тартылды


Қытайда тағы бір диссидент Чжу Юфу "мемлекетке қарсы арандату әрекеттерін жасады" деген айыппен сотқа тартылды.

Гонконг Адам құқықтары және демократия институтының мәліметі бойынша жазушы Чжу Юфудің ісі Ханчжоу қалалық сотында қаралып жатыр, үкім әлі шыққан жоқ. Чжу Юфу Қытай үкіметі елде "араб көктемі" деп аталған толқуларды болдырмау үшін қудалап жатқан диссиденттердің бірі.

Соңғы екі айда Қытайда коммунистік құрылысты құлатпақ болды деген айыппен үш диссидент тоғыз және он жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG