Пәкістан әскерилері ұшақтан соққы беру кезінде елдің солтүстік батысындағы аймақтарда жасырынған Талибанның 31 сарбазының қаза болғанын хабарлады.
Пәкістанның жоғары шенді әскерилері Важид Хан мен Әмір Гүлдің айтуынша, ұшақтар бүгін таңертең Оракзай және Куррам деп аталатын жекелеген тайпалар мекендейтін аудандарды бомбалаған. Ал атын атамаған әскерилер өкілі Оракзай ауданында Талибан командирлері Мулла Туфан мен Мохеуддиннің жақтастары тұрып жатқан төрт тұрақтың қиратылғанын жеткізді. Ол сол шабуылда Мохеуддиннің де қаза табуы мүмкін екенін айтады.
Шабуыл Пәкістан әскерилері мен талибан жасағының Куррама ауданында стратегиялық маңызды тау жотасы үшін болған шайқасынан кейін жасалып отыр. Ол тау жотасы арқылы Ауғанстандағы жол тораптарын бақылауға болады.
Ол шайқаста 60 адам қаза тапқан болатын.