Accessibility links

Лондонда Қазақстандағы сайлауды талқыламақ


Оппозиция өкілдері сайлау нәтижелеріне қатысты наразылық білдіріп, "Нұр Отан" партиясының плакатын өртеп жатыр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл
Ақпанның 2-сі Лондон университетіндегі шығыстану және африкатану мектебінде (SOAS) "Тұрақтылық пен трансформацияның ортасында тұрған Қазақстан: сайлау, саясат және наразылық" атты дөңгелек үстел өтеді. Жиында шетелдік және қазақстандық мамандар мен жалпы қатысушылар 2012 жылғы қаңтарда өткен парламент сайлауына қатысты ой-пікірлерін айтады.

Негізгі баяндамашылар: Торонто университетінің доценті Эдвард Шатц, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Қайрат Әбусейітов және шығыстану және африкатану мектебінің доценті Бавна Даве.

Дөңгелек үстел жергілікті уақыт бойынша 17.30-да басталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG