Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі Сирия мәселесін талқылап жатыр


Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыс бойынша ашық мәжілісін өткізіп жатыр.

Екі күн бұрын Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдердің өкілдері Сириядағы жағдайға қатысты қарар мәтінін мақұлдап, өз үкіметтеріне бекітуге жолдаған болатын.
Араб және Еуропа елдерімен бірлесе отырып әзірленген қарар мәтінінде Сирия президенті Башар әл-Асадты отставкаға кетуге шақырған нақты ұрандар жоқ. Сонымен қатар құжатта қарумен қамтамасыз етуге экономикалық санкция және тыйым салынатыны турасында да ешнәрсе айтылмаған.

Ресей жұма күні құжат жобасына енгізілген өзгерістерге қарамастан, қарарды қолдамайтынын мәлімдеген еді.

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, Сирияда бір жылға жуық уақыттан бері жалғасып жатқан ішкі қақтығыстар салдарынан опат болған адамдар саны 5 мыңнан асады.
XS
SM
MD
LG