Accessibility links

Египет ұстаған ҮЕҰ қызметкерлерінің аты аталды


Германияның Конрад Аденауэер атындағы қордың Каирдегі кеңсесі. Көрнекі сурет.
Германияның Конрад Аденауэер атындағы қордың Каирдегі кеңсесі. Көрнекі сурет.
Египетте заңсыз қызметпен айналысты деген күдікпен ұсталған үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) 43 қызметкерінің аты-жөндері аталды.

43 адамның 14-і Египет, 19-ы АҚШ азаматы екені кеше хабарланған болатын. Ұсталғандардың арасында АҚШ-тың көлік министрі Рэй Лахудтың ұлы Сэм Лахуд бар. Ол Вашингтонда орналасқан Халықаралық республикалық институттың Египеттегі кеңсесін басқарады.

Бұдан өзге Германияның Конрад Аденауэр атындағы қорының екі қызметкері және басқа да үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін Сербия, Ливан, Норвегия, Палестина, Иордания азаматтары да ұсталған. Ұсталғандардың ісін тергеу қашан басталатыны әлі белгісіз.

АҚШ Каирдің ҮЕҰ қызметкерлерін қамауға алуына наразылық білдіріп, Египетке әскери көмек ретінде берілетін 1.3 миллиард АҚШ долларын қысқартатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG