Accessibility links

Медведев: Сайлау алдында қауіпсіздік күшейсін


Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта) пен Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директоры Александр Бортников Мәскеудегі ФСБ жетекшілерінің жиынында. Мәскеу, 7 ақпан 2012 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта) пен Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директоры Александр Бортников Мәскеудегі ФСБ жетекшілерінің жиынында. Мәскеу, 7 ақпан 2012 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев федералдық қауіпсіздік қызметінің басшыларына президент сайлауы қарсаңында экстремистердің "арандатушылық әрекеттерінің алдын алуды және болдырмауды" тапсырды. Ол мұны Мәскеуде федералдық қауіпсіздік қызметінің басшыларымен кездескенде айтты.

Бір апта бұрын ғана Солтүстік Кавказда ислам мемлекетін орнатуды көздейтін Кавказ әмірлігі исламшыл тобының жетекшісі Доку Умаров қол астындағы жауынгерлеріне бұдан былай Ресей азаматтарына шабуылдамауды бұйырған. Умаров бұған Ресей азаматтары енді премьер-министр Владимир Путинді қолдамайды дегенді алға тартты.

Мәскеудің Солтүстік Кавказдағы әскери операциясын жүргізіп отырған Владимир Путин 4 наурызда болатын президент сайлауында жеңіске жетеді деген болжамдар көп.
XS
SM
MD
LG