Accessibility links

Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке айыппұл салынды


Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов.
Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов.
Бүгін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Ағелеуовтің өзі хабарлады.

Ғалым Ағелеуов пен бір топ адам ақпанның 3-і күні Алматыда әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын арнайы мекемеге қамалған ЖСДП жетекшілері Болат Әбілев, Әміржан Қосанов және Әмірбек Тоғысовқа азық-түлік пен газет алып келген болатын. Мекемеге келгендер қолдарына "Свобода, справедливость, солидарность" деген плакат ұстап шықты.
XS
SM
MD
LG