Accessibility links

Израильде жұмысшылар ереуілдеп жатыр


Бүгін Израильде жарты миллионға жуық жұмысшы екінші күн бойына ереуілін жалғастырып жатыр. Бұған қоса бүгін банктер, порттар мен қор нарықтары жұмысын тоқтатты. Ереуілдеген жұмысшылар жалақыларын көтеріп, еңбек келісім-шартын сақтауды талап етеді.

Үкімет пен елдегі ең ірі кәсіподақ басшылары кеше түнімен және бүгін де жұмысшылар мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізді. Жұмысшылардың айтуынша, келісім-шартпен жұмыс істейтін жұмысшылар аз жалақы алады және жұмыс берушілер оларды еш ескертпестен жұмыстан шығарып жібереді.

Ал кәсіподақ ұйымдарының хабарына қарағанда, мемлекеттік секторда келісім шартпен жұмыс істейтіндердің саны көбейіп келеді. Үкімет болса келісім-шартпен жұмыс істейтіндерге қатысты бірқатар жеңілдіктер жасауға дайын екенін, бірақ олардың бәріне бірдей штаттық қызметкерлер сияқты жағдай жасай алмайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG