Accessibility links

Жаңаөзендік Нұрғалиевке операция жасалды


16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғада оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиев. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 жыл.
16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғада оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиев. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасында жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевке Алматыда операция жасалып, өңешінен тиіп, жауырынына барып тірелген оқ 57 күннен кейін алынды. Бұл туралы бүгін Азаттық тілшісімен хабарласқан оның әйелі Гүлжамал айтты.


Нұрлыбек Нұрғалиевтің әйелі Гүлжамал «Операция өтті. Кеше жасады. Оқты алды, есін жиды. Бірақ жағдайы нашарлау, операция қиын болды. Екі жарым сағатқа созылды. Әзірге жатыр» дейді.

«НҰРҒАЛИЕВТІҢ ЖОЛЫ БОЛҒАН»

Гүлжамал Нұрғалиеваның айтуынша, операция квота арқылы Алматыдағы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалған. Мұның алдында Нұрғалиевтер отбасы оқты
Нұрлыбек Нұрғалиевтің әйелі Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар, 2012 года.
Нұрлыбек Нұрғалиевтің әйелі Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар, 2012 года.
алып тастау туралы өтінішпен Астананың ауруханаларына хабарласқан, алайда ол жақтан қол ұшын созған ешкім болмаған.

- Ағзадан бөтен затты, әсіресе оқты алу үшін жасалынатын операция өте күрделі. Өйткені «маяның ішінен ине табу» әрдайым сәтті болмайды ғой. Нұрғалиевтің жолы болған, оқ ағзаның өмірлік маңызды мүшелеріне тимеген. Таңертеңгі жағдайы - қанағаттанарлық. Болжам да жаман емес, - деді ақпанның 10-і күні Нұрғалиевке операция жасаған хирург Мисмил Мурадов.

Дәрігердің сөзінше, Нұрлыбек 10 күннен кейін үйіне қайтады. Дегенмен, қалыпқа келу үшін шамамамен бір айдай уақыт қажет екен.

«РЕЗЕҢКЕ ОҚ ДЕП ОЙЛАҒАМ»

Жаңаөзеннің орталық алаңында жалақысын көтеруді талап етіп, жеті ай бойы ереуілде тұрған Нұрлыбек Нұрғалиевке желтоқсанның 16-сы өңешінен тиген оқ сол жақ жауырынына барып тірелген. Бұл туралы Нұрғалиевтің өзі қаңтардың 18-і Азаттық тілшілеріне айтып берген еді.

Жаңаөзенде жараланғанның сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:41 0:00


11 жыл бойы "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнай өндірісі жабдықтарын жөндеу бөлімінде темір жонушы болып істеген Нұрлыбек Нұрғалиев сол күні полиция оқ атады, атылған оқ өзіне келіп тиеді деп мүлде ойламаған.

- Бізге қарсы атыс басталып кеткенде резеңке оқ қой деп бейқам тұра берген едік. Бір мезет қасымда тұрған балаға оқ тигенін көрдім. Ол бетін қан жуып, көзін басып отыра кеткенін көріп «ойбу, мына бала оққа ұшты-ау» дегенімше болған жоқ, өзіме де оқ тиді. Анадай жерде жұмыстас жігіттер тұр еді. Соларға қарай жетіп алуға тырысып қозғалғаныммен сол қолым көтертпей құладым. Олар көтеріп алып кетті, – деп еске алды Нұрлыбек Азаттық тілшісіне қаңтардың 18-і күні берген сұқбатында.

Азаттық радиосы Нұрлыбек Нұрғалиевтің сол күні Жаңаөзендегі қалалық ауруханаға түскені, дәрігерлер оны Ақтауға жіберіп, ол жерде де дәрігерлердің
16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғада оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевқа берілген медициналық анықтама қағазы. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 жыл.
16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғада оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевқа берілген медициналық анықтама қағазы. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 жыл.
оқты ала алмағаны туралы оқырмандарды хабардар еткен болатын. Қаңтардың 5-сі күні оны «оғыңды Жаңаөзенде алады» деп үйіне қайтарған еді.

Алайда Ақтаудағы ауруханадан шыққан бетте полицейлер Нұрғалиевті сәтсіз операциядан шыққанына қарамастан облыстық ішкі істер департаментіне апарып, 4-5 сағат шамасында жауап алған. Нұрғалиевтің айтуынша, полицейлер оның сөйлеуге әлі келмейтінін көрген соң ғана босатқан. Кейін де қалалық прокуратураға жауап беруге бір-екі рет шақырылыпты. Бірақ оның денсаулығы жарамсыздығына көздері жеткен соң мазалауды доғарыпты.

Азаттық тілшісіне қаңтардың 18-і берген сұқбатында Нұрлыбек Нұрғалиев «адамдардың өлімі үшін жауапты полиция қызметкерлері, полицияға қарсы оқ атылған жоқ ол жерде» деп, полицияның жазығы жоқ халықты қалай атқылағанын өз көзімен көргенін және оны қай жерде де айта алатынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG