Бүгін Ресейдің бірнеше қаласында кәсіподақтардың премьер-министр Владимир Путинге қолдау танытқан митингілері өткізіліп жатыр.
Полиция «Интерфакс» агенттігіне хабарлағандай, Барнаулда көшеге 9 мыңдай адам шықса, Читадағы жиынға 2мың жергілікті тұрғын қатысқан. Путинді қолдау шаралары «Тұрақты, егеменді, қуатты Ресей үшін!» деген ұранмен өтіп жатыр.
Тулада өтетін Путинді қолдау акциясына вице-премьер Дмитрий Рогозин мен әнші Иосиф Кобзонның қатысатындығы айтылуда.